386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әскерилер Израильге Газа секторынан кірмек болған 4 адамды атып тастады

  • 129
  • UPD: 23:14, 10.08.2019
Әскерилер Израильге Газа секторынан кірмек болған 4 адамды атып тастады

Израиль әскерилері Газа секторынан ел аумағына қарай жасырын өтпек болған 4 қарулы палестиналықтың көзін жойған.

Ақпаратқа сәйкес, олар автомат гранатамен қаруланып, шекараны кесіп өтуге талпынған. Әскерилер қаза тапқандар ХАМАС қозғалысының мүшелері дейді. Бірақ аталған ұйым оқиғаға қатысты әзірге еш мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кетейік, Израиль 2006 жылдан бері Газа секторын қоршауда ұстап келеді. Бұл аймақта 2 миллионға жуық палестиналық өмір сүреді.

Хабар 24 телеарнасы