386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда жаңбырлы маусым 95 адамның өмірін қиды

  • 107
Үндістанда жаңбырлы маусым 95 адамның өмірін қиды РБК-Украина

Үндістанның Керала штатында жаңбырлы маусым 95 адамның өмірін қиды.

Тағы ондаған тұрғын із-түзсіз жоғалған. Апат аймағынан 100 мыңнан астам адам эвакуацияланып, уақытша лагерьлерге орналастырылды. Толассыз жауған жаңбырдан өзендер тасып, көптеген елді мекенді су басқан. Жергілікті биліктің айтуынша, соңғы 2 күнде 80-нен астам лай көшкіні жүрген. Қазір апат аймағында жүздеген құтқарушы жұмыс істеуде. Айта кетейік, Үндістанда маусымдық жауын қыркүйек айына дейін жалғасады. Өткен жылы Керала штатында осы мезгілде 200-ден астам опат болған еді.

Хабар 24 телеарнасы