386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда жарылыстан БҰҰ-ның 3 қызметкері қаза тапты

  • 149
Ливияда жарылыстан БҰҰ-ның 3 қызметкері қаза тапты

Ливияның Бенгази қаласында бомба жасырынған көлік жарылып, БҰҰ-ның 3 қызметкері қаза тапты.

Тағы 10 адам жарақат алды. Олардың арасында балалар бар. Лаңкестік шаһардың батыс бөлігіндегі базардың алдында болды. Қазір лаңкестер іздестіріліп жатыр. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, құрбан айт кезінде жасалған лаңкестікті қатаң айыптады. Айта кетейік, Ливияда қазір Триполидегі Фаиз Сарадж үкіметі мен генерал Халифа Хафтар әскері арасында соғыс жүріп жатыр. Хафтар кеше құрбан айтқа орай атысты уақытша тоқтататынын мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы