386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда 28 адам тайфуннан көз жұмды

  • 148
  • UPD: 18:42, 11.08.2019
Қытайда 28 адам тайфуннан көз жұмды Xinhua

Қытайда «Лекима» алапат дауылы мен нөсерден қазақ тапқандардың саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәліметке қарағанда, табиғат апатынан 28 адам көз жұмып, 22 тұрғын із-түзсіз жоғалған. Дауылмен бірге келген жауыннан көптеген елді мекенді су басты. Кей жерлерде оның деңгейі 2 метрге дейін жетеді. 60 тас жол бүлінген. Аймақта іздестіру құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, жергілікті билік «Лекима» дауылы жақындағанға дейін аймақта қауіптің ең жоғарғы деңгейін енгізіп, 1 миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Мамандардың айтуынша, бастапқыда сағатына 187 шақырым жылдамдықпен соққан дауылдың екпіні қазір сәл саябырлаған.

Хабар 24 телеарнасы