386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда аптап ыстықтан ормандар өртеніп жатыр

  • 123
  • UPD: 17:42, 11.08.2019
Грекияда аптап ыстықтан ормандар өртеніп жатыр

Грекияда аптап ыстық пен аңызақ желдің салдарынан бірнеше аймақта орман өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірге дейін ондаған от ошағы тіркелген. Ал Аттика, Шығыс Виотия, Орталық және Оңтүстік Эвия, Эгей теңізі өңірі мен кей аралдарда орман өртінің қаупі тым күшейген. Мұнда сынап бағанасы 41 градусқа жетеді. Осыған байланысты елдегі барлық құтқару қызметтері толық әзірлік жағдайына келтірілген. Ал синоптиктер аптап ыстық тағы 4-5 күнге созылатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы