386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сібірдегі орман өртінен 13 мың аң өлген – «Гринпис»

  • 182
  • UPD: 18:39, 11.08.2019
Сібірдегі орман өртінен 13 мың аң өлген – «Гринпис»

Сібірдегі орман өртінен 13 мың аң өлген.

Бұл туралы «Гринпис» экологиялық ұйымы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, Ресейдегі қызыл жалын шарпыған аумақта 5500 бұлғын, 300 аю, 2500-ден астам бұғы және 1500 марал болған. Олардың жартысы өлім құшып, қалғаны өзге жаққа ауып кеткен. Мәліметке қарағанда, соңғы күндері Сібірдегі орман өртінің аумағы қайта ұлғайып, 2 миллион гектардан асқан.

Еске сала кетейік, маусым айында басталған орман өрті өткен айдың соңында 3 миллион гектар жерге дейін жайылып, тұрғындардың үрейін туғызған еді. Осыдан кейін билік шұғыл шараларды қолға алып, өртпен күреске барлық күштерді жұмылдырған.

Хабар 24 телеарнасы