386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда Абай Құнанбаевтың мерейтойы кеңінен аталып өтті

  • 157
  • UPD: 21:00, 11.08.2019

Өзбекстанда да Абай Құнанбаевтың туған күні аталып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ташкенттегі салтанатты жиын Қазақстан елшілігінің алдындағы ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Оған Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары лауазымды өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен ғалымдар, студенттер қатысты. Мінберден қазақ классигінің өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Мұнан кейін шара Өзбекстан жазушылар одағында «Әдеби достық - мәңгілік достық» деген атпен екі ел жазушыларының кездесуімен жалғасты.

Серікбай Үсенов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы:

- Міне, бүгін Абай Құнанбаевқа осылай құрмет жасап жатқанына өте қуаныштымыз. Себебі мұндай күндер ешқашан болмаған. Міне, Абайдың кітаптарын өзбек тіліне аударып жатқан жазушылардың өздері келіп, Қазақстаннан қонақтар келіп жатыр. Қазір ескерткіштің алдында бас иіп, гүл қойып, Абайды естіп, Абайдың шығармаларын айтып, өлеңдерін айтып, жастарымыз өсіп келеді.

Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері «Достық» қауымдастығының төрағасы:

- Абайды білу – бұл өзбек пен қазақты білу. Абайдың оқулықтарымен оқып, онымен танысу қазақ пен өзбекті білу деп білем. Себебі бұл Абай Алишер Навои, өзінің алдында өткен Фирдоусиді өзінің ұстазы деп білген. Солардың жолында шындықты, қала берсе, ашықтықты жазған бұл Абай болады.

Хабар 24 телеарнасы