386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иерусалимде мешіт жанында болған қақтығыстан 20-ға жуық адам зардап шекті

  • 113
  • UPD: 22:50, 11.08.2019
Иерусалимде мешіт жанында болған қақтығыстан 20-ға жуық адам зардап шекті

Иерусалимдегі қасиетті Әл-Ақса мешітінің жанында палестиналықтар полицейлермен қақтығысқа түсіп, 20-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанжал бүгін мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі мен еврейлердің діни жоралғы күні қатар түсіп қалуынан туындаған. Иудей дінін ұстанушылар мешітке кіруді талап етсе, палестиналықтар олардың жолын бөгеген. Сөйтіп, бүлік шыққан.

Айта кетейік, Иерусалимдегі ғибадатханалар тауында Әл-Ақса мен Куббат Ас-Сахра мешіті орналасқан. Олар ежелгі иудей ғибадатханаларының орнында тұр. Бірақ онда мұсылмандардың ғана мінажат етуге құқығы бар. Ал өзге діннің өкілдеріне тек оған еркін кіріп көруіне рұқсат етілген.

Хабар 24 телеарнасы