386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы тағы шеру өтті

  • 92
  • UPD: 23:21, 11.08.2019
Гонконгте күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы тағы шеру өтті

Гонконгте толқулар басылмай тұр. Бүгін аймақта қылмыс жасаған күдіктілерді экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы тағы шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңдаған адам шаһардың Шам Шуй По ауданына жиналып, бөгеттер тұрғызып, полициямен қақтығысқан. Тағы бір топ Гонконгтегі халықаралық әуежайға жиналды. Бірақ мұндағы шарада бүлік шыққан жоқ.

Айта кетейік, Гонконгте үкіметтің күдіктілерді экстрадициялау туралы ұсынысына наразылық 3 ай бұрын басталған. Билік құжатты қайтарып алғанмен, толқулар жалғасып жатыр. Себебі шерушілер үкіметтің бұл заң жобасынан басыбайлы бас тартуын талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы