386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде автопилотпен қозғалып келе жатқан Tesla жарылды

  • 140
  • UPD: 23:29, 11.08.2019

Мәскеуде Tesla автокөлігінің жарылысы түскен видео желіде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың бірі жариялаған кадрларда жарқыл көрінеді, содан кейін көлікті жалын мен қара түтін қоршайды.

РИА Новости ақпараты бойынша қалалық мемлекеттік автоинспекцияның баспасөз қызметіндегілер оқиға салдарынан Tesla-ның үш жолаушысы зардап шеккенін хабарлаған. Апат сенбі күні кешке болған.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, электромобиль автопилотпен қозғалып келе жатқан. Ол алдында сынып, эвакуаторды күтіп тұрған көлікті анықтай алмаған.

Хабар 24 телеарнасы