386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада бильярд ойнауға келгендерге жасалған шабуылдан 8 адам қаза тапты

  • 112
  • UPD: 08:17, 12.08.2019
Мексикада бильярд ойнауға келгендерге жасалған шабуылдан 8 адам қаза тапты

Мексиканың Ирапуато қаласындағы (Гуанахуато штаты) бильярд залында қарулы шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, үшеуі жараланды.

Бұл туралы La Jornada газеті хабарлайды. Басылым мәліметінше, екі адам ауруханаға бара жатқан жолда жантәсілім етті, тағы екеуі медицина мекемесінде көз жұмған. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар. Әзірге бұл оқыс оқиғаның себеп-салдары белгісіз. Шабуыл жасағандардың ізін суытып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы