386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде үй бағасы қымбаттап жатыр

  • 105
  • UPD: 09:25, 12.08.2019

Әзербайжан астанасы Бакуде пәтер құны өсіп жатыр. Сарапшылар айтуынша, тұрғын үй нарығы маусымдық өзгерістермен қатар экономикалық көрсеткіштерге тәуелді. Алайда баспана құны өткен жылдармен салыстырғанда төмендеген.

Қазір Бакудің орталығындағы жаңа пәтердің шаршы метрі  орташа есеппен 1 мың доллар. Ал ескі үйлердегі пәтер құны шаршы метріне 700 доллар. Сарапшылар өткен жылмен салыстырғанда бағаның сәл ғана өзгергенін айтады.

Нусрат Ибрагимов, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы:

- Бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға өсіп жатқанын байқауға болады. Орташа есеппен жаңа пәтерлер 5 пайызға қымбаттаған. Бірақ қымбат үйлердің құны, керісінше 1 пайызға төмендеген.

Сарапшылар жаңа үйлер құнының өсуін банк несиесіне қолжетімділік және мұнай нарығындағы тұрақтылықпен байланыстырады. Екі және үш бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары. Олар жалпы сатылатын жылжымайтын мүліктің үштен екі бөлігін құрап отыр.

Нусрат Ибрагимов, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы:

- Біз соңғы жылдары премиум санатындағы пәтерлерге сұраныс төмендегенін көріп отырмыз. Қазір тұтынушылар көбіне эконом санатындағы үйлерді қалайды. Құрылыс компаниялары да жағдайды ескеріп, соған бейімделуде.

Ал риелторлық агенттіктер көп ретте адамдардың пәтерді жалға алып тұруды қалайтынын айтады. Мұның да өз артықшылықтары бар. Бірақ бұл сұраныс оның бағасына едәуір әсер еткен. Сөйтіп жалға алу құны біршама өсіп, биыл жазда тіпті көтеріліп кеткен.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы