386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмада лай көшкінінен қаза тапқандар саны артты

  • 76
  • UPD: 09:17, 12.08.2019
Мьянмада лай көшкінінен қаза тапқандар саны артты

Мьянмада лай көшкіні салдарынан 51 адам опат болды. Бұған дейін 17 адам мерт болғаны хабарланған еді.

Апаттан шамамен 80 тұрғынның тағдыры беймәлім. Құтқарушылар жоғалғандарды іздестіруге кірісті. Тас пен лай көшкіні жергілікті елді мекеннің 30-ға жуық баспанасын басып алған. Айта кетейік, елде жауын-шашын маусымы бірнеше апта бұрын басталды. Табиғат апатынан 38 мың адам үйлерін тастап өзге жерге көшуге мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы