386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда орман өртінен 400 адам эвакуацияланды

  • 82
  • UPD: 09:55, 12.08.2019
Испанияда орман өртінен 400 адам эвакуацияланды

Испанияның Гран-Канария аралында орман өртеніп, 400 адам эвакуацияланды.

Лаулаған жалын 900 гектар жерге жайылып, аралдың батысындағы Тамадаба ұлттық паркіне жақындаған. Сондықтан туристік аймақтан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жалғасуда. Алдын ала тергеуге қарағанда өрт дәнекерлеу аппаратын қолдану кезінде шыққан. Осыған байланысты 55 жастағы бір азамат қамауға алынды. Ал тілсіз жаумен 200-ден астам өрт сөндіруші күресіп жатыр. Және де ұшақтар қолданылуда.

Хабар 24 телеарнасы