389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

  • 177
  • UPD: 10:19, 12.08.2019
Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандардың саны артып барады. Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 147 тұрғын мерт болды.

Құтқарушылар қауіпті аймақтардан мыңдаған адамды эвакуациялады. Қазір олар арнайы лагерлерде орналасқан. Мамандар аймақта уақытша баспаналарды орнатып қойған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, су тасқынынан Керала, КарнатАка  мен Махараштра штаттары ең көп зардап шеккен. Бұл өңірлерде лай көшкіні басталғандықтан аймақта көлік қатынасы тежелді.

Хабар 24 телеарнасы