386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия мен Испанияда орман өртеніп жатыр

  • 121
  • UPD: 23:02, 12.08.2019

Отты өшіруге дәл қазір аптап ыстық пен жел кедергі жасап тұр.

Алапат өрт тіпті Грекия астанасына да таяп қалған. Ал Испанияда тілсіз жау Канар аралдарын жайпап барады.

Испанияның Гран-Канария аралында өткен сенбіден бері орман өрті өршіп тұр. Аймақ басшысы Виктор Торрестің мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін жалын мың гектардан аса аумақты шарпыған. Соған байланысты бірнеше елді мекеннің тұрғындары үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр. Қазіргі уақытта тілсіз жаумен 200-ге тарта өрт сөндіруші күресіп жатыр. Бұған қоса, өрттің бетін қайтаруға 5 ұшақ пен тағы 5 тікұшақ жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалынға дәнекерлеу жұмыстары себеп болған. Осы ретте 55 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. 

өрт сөндіруші:

– Өрт біреудің бейқамдығынан шығып отыр. Нақтырақ айтқанда, ол қақпаны дәнекерлеу кезінде басталған. Жалпы бұл маусымда мұндай жұмыспен айналысу өте қауіпті. Енді алапат өртті сөндіру үшін Бравос пен Преса қалаларынан қосымша көмек сұраттық.

Өз кезегінде Грекияның Афина қаласы маңындағы Пеания қалашығында да орман өрті дес берер емес. Мұнда тілсіз жаумен күреске Аттика ауданындағы азаматтық қорғаныстан қосымша күш тартылды. Сонымен қатар көршілес Пелопоннес пен Орталық Грекиядан да көмек жеткен. Өрт қаупіне байланысты мыңдаған тұрғын мен туристер өзге аймаққа көшірілді.

Авторы: Ғани Мұқаш

Хабар 24 телеарнасы