387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда жүргізушілер ереуілге шықты

  • 117
  • UPD: 07:35, 13.08.2019
Португалияда жүргізушілер ереуілге шықты

Португалияда жанар-жағармай тасымалымен айналысатын жүргізушілер ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарға жанармай сатып алуда қиындықтарға тап болатындарын ескертіп жатыр.

Айта кетсек, Португалияда осыдан 4 ай бұрын дәл осындай наразылық шарасы өткен еді. Сол кезде 2 мыңға жуық жанармай құю бекеттерінде отын тапшылығы туындаған еді. Ал қазіргі таңда ел аумағындағы 3 мың бекеттің 15%-і отынсыз қалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы