386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак астанасында жойқын жарылыстан 13 адам жараланды

  • 124
  • UPD: 11:52, 13.08.2019
Ирак астанасында жойқын жарылыстан 13 адам жараланды

Ирак астанасы Бағдадта қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды.

Оқиғадан 1 адам мерт болып, тағы 13 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыстан кейін қойманың ерекше бақылауындағы аймаққа снарядтар құлаған. Онда мемлекеттік ғимараттар мен өзге де кеңселер орналасқан. Оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін тергеу ісі басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы