387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда тасқыннан қаза тапқандар саны 170 адамға жетті

  • 132
  • UPD: 12:14, 13.08.2019
Үндістанда тасқыннан қаза тапқандар саны 170 адамға жетті

Үндістандағы алапат су тасқынынан мерт болғандардың саны артып барады.

Соңғы мәліметке сәйкес 170 адам табиғат апатынан көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік «бұл сан әлі де өзгеруі мүмкін» дейді. Бір аптадан астам уақыт жауған толассыз жауын салдарынан елдің Керала, Махараштра мен Карнатака штаттары ең көп зардап шеккен. Құтқарушылар бұл өңірлерден мыңдаған адамды эвакуациялап үлгерді. Аймақта қауіптіліктің жоғарғы деңгейі жарияланып, мектептер мен өзге де ғимараттар уақытша жұмысын тоқтатты. Кочин әуежайы да әлі жабық. Аймақта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, жауын-шашын әлі бірнеше күн бойы тоқтаусыз жауады.

Хабар 24 телеарнасы