386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте Суэц каналынан түскен табыс рекордтық көрсеткішке жетті

  • 122
  • UPD: 15:09, 13.08.2019
Египетте Суэц каналынан түскен табыс рекордтық көрсеткішке жетті

Мысырдағы Суэц каналының жылдық табысы 5 млрд 900 млн долларды құрап, рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, халықаралық маңызы бар су жолының кірісі 300 млн долларға дейін ұлғайып отыр. Бұған қоса, Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын канал арқылы күніне 81 кемені өткізіп тағы бір мәрте рекорд орнатты. Мамандар бұл көрсеткіш 2023 жылы 97-ге дейін өсуі керек деген болжам жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы