385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда 100 мыңнан астам заңсыз қару-жарақ жойылды

  • 113
  • UPD: 15:13, 13.08.2019
Қытайда 100 мыңнан астам заңсыз қару-жарақ жойылды

Қытайдың 154 қаласында 100 мыңнан астам заңсыз қару-жарақ пен жарылғыш заттың көзі құртылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің өкілі хабарлайды. Жойылған қарулардың ішінде пневматикалық тапанша, бытыралы мылтық, динамит пен детонаторлар болған. Бұл шара жуырда ғана АҚШ елінде қару-жарақтың қатысуымен бірнеше мәрте болған қайғылы оқиғадан кейін қолға алынды.

Айта кетейік, заң бойынша қытайлықтарға үйде қару ұстауға тыйым салынған. Сондықтан болар, аспан асты елінде атыс оқиғалары сирек кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы