386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атамбаевқа төңкеріс жасауға талпынды деген айып тағылды

  • 107
  • UPD: 18:43, 13.08.2019

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақ болған. Бұл туралы Қырғыз елінің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев мәлімдеді.

Опумбаевтың айтуынша, Атамбаев үйінің айналасына адамдарды әдейі жинаған. Және сол үшін 1 мың мен 3 мың сом аралығында ақы төлеген. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы бұрынғы президенттің қорғану мақсатында үйінің есік-терезелеріне алдын ала тор орнатқанын жеткізді. Жалпы Атамбаевтың резиденциясын тінту барысында оның ішінен снайперлік винтовка мен 480 оқ сақталған 2 жәшік табылды. Бұған қоса 5 винтовка мен бірнеше тапаншаның бары анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 7 тамыз күні кешкісін Атамбаевтың Кой-Таштағы үйінде ұстау операциясы басталған еді. Алайда арнайы жасақ пен бұрынғы президент жақтастары арасында қарулы қақтығыс болды. Салдарынан 1 сарбаз қаза тауып, тағы бірнеше азамат жарақат алған болатын. Ал 8 тамызда құқық қорғау органдары Атамбаевты ұстап, 26 тамызға дейін тергеу изоляторына қамауға алды. Қазір Атамбаевқа жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, қару қолдану мен адам өлтіру сынды бірқатар аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы