385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ ҚК Ливиядағы шиеленіс деңгейін төмендетуге шақырды

  • 88
БҰҰ ҚК Ливиядағы шиеленіс деңгейін төмендетуге шақырды utro.ru

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ливиядағы шиеленісті реттеуге шақырды.

Мұндай мәлімдеме БҰҰ қызметкерлерінің Бенгазидегі жарылыс салдарынан қаза табуынан соң жасалды. Аталған ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, көз жұмғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Еске салсақ, жуырда Құрбан айт кезінде уақытша оқ атпау туралы келісімге келу үшін Ливияға БҰҰ-ның қызметкерлері барған еді. Алайда өткен сенбіде өңірдегі жағдайды реттеуге келген мамандардың көлігі минадан жарылды. Салдарынан Бенгази қаласында ұйымның үш қызметкері көз жұмып, оншақты адам зардап шекті. Жалпы бүгінде Триполидегі Фаиз Сарадж үкіметі мен генерал Халифа Хафтар әскері арасында соғыс жүріп жатыр. Билікке таластан туындаған қақтығыстан өңірде мыңнан астам адам қаза тапты. Тағы 5 жарым мың тұрғын түрлі жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы