386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда белгісіз ер адам көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдады

  • 105
  • UPD: 07:31, 14.08.2019
Австралияда белгісіз ер адам көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдады

Австралияның Сидней қаласында пышақ ұстаған ер азамат көшеде жол-жөнекей өткен адамдарға ұмтылып, шабуыл жасаған.

Салдарынан бір әйел көз жұмды. Тағы біреуі ауыр жарақат алды. Seven news телеарнасының хабарлауынша, оқыс оқиға түскі уақытта орын алған. Басылымның мәліметіне сай, ер адамның шабуылдауына жол бермеу үшін куәгерлер араша түсіп, қаскөйді тәртіп сақшылары келгенше ұстап тұрған. Қазір қылмыскер қамауға алынды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға келер қауіп жоқ дейді. Себебі қаскөй жалғыз өзі әрекет етіпті. Әзірге оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы