386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда кинематография саласы қалай дамуда

  • 80
  • UPD: 11:43, 14.08.2019

Грузин кинематографиясы 20-ғасырдың басында қалыптасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңес кезінде өзіне тән әзіл-сықақ, сөз саптау, адамдарға махаббатпен ерекшеленді. Алайда жаңа ғасырдың басы бұл елдің кинематографиясы үшін қиындықтар көп уақыт болды. Фильмдер мүлде түсірілмей, қаржы тапшылығынан білікті режисссерлер мен әртістер шетел асты. Бірақ 2001 жылы Ұлттық кинематографилық орталық ашылып, кино түсіру саласына қолдау көрсетіле бастады. 

Кино – соқпағы мен шығыны көп ұжымдық іс. Қазір грузин кинематографиясы бұрынғы дәрежесіне әлі жете алмай келеді. Алайда жергілікті мамандар отандық фильмдер келешекте халықтың жүрегіне жол табатынына сенімді. 

Грузияда 3 жыл бұрын отандық киноиндустрияны қолдау бағдарламасы қолға алынған. «Грузияда шығар» жобасының мақсаты - шетелдік мамандарды тартып, елдің кино шығару саласын жандандыру. 

Константин Члаидзе, Грузия ұлттық киномотографиялық орталығының өкілі:

– Бұл бағдарлама экономикалық тұрғыдан тиімді. Егер кино түсіру кезінде 500 мың лари жұмсалса, мемлекет оның 20 пайыз шығынын өтейді. Мұны жемісті жоба десем болады. Себебі қазір елде кино көптеп түсіріле бастады.

Бұл бағдарламадан бөлек, өзге де мемлекеттік қолдаулар жетерлік. Кинематография орталығы шағын отандық кино түсірушілерге көмектесіп, жыл сайын 7 толықметражды, деректі және анимациялық фильмдер түсіріледі. Орталықтың бюджеті жыл сайын ұлғайтылып, еуропалық стандартқа сай келуде.

Владимир Качарова, продюсер:

– Біз түрлі кинофестивальдерге қатысуға мүдделіміз. Бірақ еуропалық әріптестеріміз біздегі бюджетпен кино түсіріп жүргенімізге таң қалады. Қазір Грузия киноиндустриясын фестивальдік фильмдер және қызмет көрсету деп екіге бөлуге болады. Себебі Грузия кино түсіру алаңы ретінде белсенді түрде дамып келеді.

«Грузияда шығар» жобасы елді насихаттауға да бағытталған. Осы бағдарламаның арқасында отандық режиссерлер мен әртістердің жаңа буыны қалыптасып, олардың есімі кеңінен таныла бастаған.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы