386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гибралтарда ұсталған Grace 1 танкері әлі босатылған жоқ

  • 130
  • UPD: 10:45, 14.08.2019
Гибралтарда ұсталған Grace 1 танкері әлі босатылған жоқ

Тегеран мен батыс елдердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты ушықтырған Grace 1 танкері әлі де босатылған жоқ.

Иран билігі Ұлыбританияның жақын арада кемені босататынын айтса, Гибралтарда бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Естеріңізге салайық, жүк кемесі шілденің 4 күні Гибралтарда ұсталған болатын. Ұлыбритания тарапы Еуропа елдерінің Иранға салған санкцияларына қарамастан, Тегеран Сирияға қара алтын жеткізбек болды деп отыр. Ресми Тегеран болса, тағылған айыпты мойындамайды. Бұл оқиғадан кейін Иранның теңіз жасақтары Ормуз бұғазында британдық Stena Impero танкерін ережені бұзды деген айыппен ұстады. Қазір тараптар ушыққан мәселені шешу үшін тиісті құжаттармен алмасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы