387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нотр-Дам шіркеуін қорғасыннан тазарту жұмысы басталды

  • 119
  • UPD: 10:55, 14.08.2019
Нотр-Дам шіркеуін қорғасыннан тазарту жұмысы басталды

Франция астанасында өртке оранған Нотр-Дам шіркеуі мен оның айналасындағы жерді қорғасыннан тазарту жұмыстары басталды.

Бұл – осымен екінші рет қолға алынып отырған шара. Белгілісі, бұл жолы мамандар оны арнайы жуғыш заттар қосылған су бүрку құрылғыларымен тазартады екен. Ал орындықтар мен көше шамдарына арнайы гель жағылады. Сонымен қатар химиялық заттармен ластанған жер қыртысының бір қабаты түгелдей алынып тасталады. Айта кетсек, мамырдың басында Париж полициясы шіркеу айналасындағы жер қабатында қорғасын мөлшерінің шамадан тыс артып кеткенін хабарлаған еді. Осыдан кейін шіркеу маңындағы мектептерді қорғасыннан тазарту жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы