386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия Жерорта теңізіндегі 500 мигрантты қабылдамай отыр

  • 122
Италия Жерорта теңізіндегі 500 мигрантты қабылдамай отыр

Бортында 500 мигранты бар Жерорта теңізінде қалқып жүрген екі кемені Италия билігі қабылдамай отыр.

Жуырда Францияның құтқару қызметі Ливия жағалауында шамамен 356 келімсекті, ал Испанияның теңіз күзеті 160 мигрантты өлім аузынан аман алып қалған еді. Заңсыз кірмелердің дені – Африка елдерінің азаматтары. Қазір екі кеме де Жерорта теңізіндегі Лампедуза аралының маңында қалқып жүр. Италияның сыртқы істер министрі Маттео Сальвини мигранттардың ел аумағына кірмеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтып отыр. Айта кетейік, жуырда Сальвини рұқсатсыз Италия аумағында жүзген кемелерге 1 млн еуроға дейін айыппұл салынады деген жаңа заң шығарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы