386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар эбола дертіне қарсы 2 дәрі тапты

  • 135
  • UPD: 13:25, 14.08.2019
Ғалымдар эбола дертіне қарсы 2 дәрі тапты

Ғалымдар эбола дертіне қарсы тиімді дәрілер тапты.

Олар зертханалық тәжірибе барысында анықталды. Науқастарды емдеуге қолданылған 4 дәрінің екеуі аса емдігімен көзге түсті. Қос дәріден эболаға шалдыққандардың 90 пайыздайы құлан-таза айығып кеткен. Бірақ ғалымдар олардың дертке шалдыққан адам аурудың бастапқы кезеңінде ем алса ғана тиімді екенін айтады. Сондықтан эболамен күресудің ең тиімді жолы екпе табу деп отыр. Айта кетейік, эбола ауруы Батыс Африка елінде 2014 жылдың ақпан айында шыққан болатын. Гвинеяда пайда болған дерт Либерия, Нигерия, Мали сынды бірнеше мемлекетке тарап, 11 мың адамның өмірін қиды.

Хабар 24 телеарнасы