387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швед өнертапқышы кофе ыдысынан велосипед жасап шығарды

  • 157
  • UPD: 15:39, 14.08.2019
Швед өнертапқышы кофе ыдысынан велосипед жасап шығарды

Пайдаланылған алюминий кофе ыдысы – өзге бұйымдарды жасауға таптырмас шикізат.

Мұны швед өнертапқышы Джимми Остхольм дәлелдеді. Оның жаңа велосипедінің 40 пайызы осындай ыдыстан жасалған. «Nastle» компаниясымен бірлесіп қолға алынған жобаны Швеция үкіметі қаржыландырады. Ал мұндай бір шайтан арбаның құны – 1200-дей фунт. Және де Африкада тегін велосипед тарату да қарастырылған. «Nastle» компаниясы келесі жылдан бастап кофеге арналған алюминий ыдысты толық қайта өңдеуді көздеп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы