387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда орман өртінен 4 елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды

  • 123
Грекияда орман өртінен 4 елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды

Эгей теңізіндегі Грекияның Эвбея аралында орман өртінің қайтар түрі жоқ.

Тілсіз жаумен мыңнан астам маман арпалысып жатыр. Құтқарушыларға аймақтағы 4 елді мекеннің тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ел бойынша 56 өрт ошағы тіркелді. Жергілікті билік Эвбея аралында төтенше жағдай режимін жариялады. Табиғи апаттың ушығуына байланысты Грекия үкіметі Еуропа елдерінен көмек сұрағаннан кейін Хорватия мен Италия билігі аймаққа 4 өрт сөндіруші ұшақ жөнелтті. Әзірге тілсіз жаудан мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы