386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп тастаған

  • 134
  • UPD: 18:37, 14.08.2019
Зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп тастаған © dvinatoday.ru

Пермьде 70 жастағы зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ тергеу комитетінің аймақ бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап.

13 тамызда 28 және 30 жастағы екі альпинист көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатында жұмыс жүргізген. Олардың әрекеті тұрғындардың біріне ұнамаған көрінеді. Қызып алған зейнеткер олардан жұмысын тоқтатуды талап еткен. Бірақ олар бас тартқан. Ол ашуланып, шатырға көтеріліп, жігіттерді ұстап тұрған арқандарды кесіп тастаған. Жұмысшылардың бірі құлап, бірнеше қабатты ұшып өтіп, сақтандыру арқандарында ілініп қалған. Ал екіншісі шатырға тез көтеріліп, зейнеткерге арқан мен сақтандыру құралдарын соңына дейін кесуге кедергі жасады. Ал кейін әріптесін көтеріп алды. «Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Жасалған қылмыстың мән-жайы анықталады. Тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы