386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда мектепке дейін білім алу міндетті емес

  • 80
  • UPD: 10:55, 15.08.2019

Жапонияда мекемелер өз алдына басқа мақсат қояды. Ол баланың еркін өсіп, қоғамның толық мүшесі ретінде қалыптасуына көмектесу.

Оның ішінде ата-аналардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беру де бар. Жалпы күншығыс елінде балабақшалар екіге бөлінеді. Кейбір балабақша білім беруге басымдық берсе, енді бірі алдымен тәрбие беруді көздейді. Және осы бағытты ұстанатындардың қатары бұл елде әлдеқайда көбірек. Аталған білім мекемелерінде кішкентай бүлдіршіндерге жазу, сызуды үйретудің орнына құрбы-құрдастарымен тіл табысып, үлкендердің сөзіне құлақ түру мен қоғамдық орындардағы негізгі ережелерді сақтау туралы сабақ өтеді. Алайда жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы қайта қаралып, әр баламен жекелей жұмыс істеуге басымдық берілген. Мұғалімдер бағдарламаға жаңа пәндер қосып отырады. Оған көбіне ағылшын тілі мен баланың дамуына септігін тигізетін ойын түрлері кіреді екен. 

Рейко Канадзава, балабақша меңгерушісі:

- Бұрын балаларды топқа бөліп тәрбиелеуге басымдық берілетін. Бірақ ол қоғам арасында қиындық туғызды. Себебі балалар ынжық болып өсіп, өз ойларын жеткізе алмайтын жағдайға жетті. Бұған қоса бүлдіршіндер бойларындағы қабілеттері мен дарындарын да көрсете алмай жатады. Қазір үкімет осының бәрін ескеріп, білім беру бағдарламасын қайта қарап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы