386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем елдері парник газдарына қатысты келісімге келді

  • 91
  • UPD: 08:58, 15.08.2019
Әлем елдері парник газдарына қатысты келісімге келді

Оңтүстік Корея, Австралия, Германия және Қытай парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жоспарларымен бөлісті.

Сеулде Париж климаттық келісімін орындау бойынша конференция өтті. Неміс ғылыми-зерттеу институтының директоры Анке Херольдтың айтуынша, Германия парниктік газдар шығарындыларын екі мың елуыншы жылға дейін мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылмен салыстырғанда сексен-тоқсан бес процентке азайтады. Неміс сарапшысы бұл үшін көмірді пайдаланудан кезең-кезеңмен бас тартып, ауыл және орман шаруашылығында қажетті шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті. Австралия энергетика және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Роб Стёрджис өз мәлімдемесінде онын елінде өткен жылы таза энергияны өндіру үшін он үш миллиард доллар инвестициялар құйылғаның айтты. Оның айтуынша, жасыл құрлықта екі мың отызыншы жылға дейін парниктік газдар шығарындылары екі мың бесінші жылға қарағанда жиырма алты-жиырма сегіз процентке дейін азаяды. Ал Қытай климат өзгеруі ұлттық стратегиясы орталығы өкілдерінің айтуынша, Қытай Халық Республикасының мақсаты - келесі он бір жылда екі мың бесінші жылмен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын алпыс-алпыс бес процентке азайту.

Ким Ха На, Седжон университетінің оқытушысы:

- Корея үкіметі Париж келісімі аясындағы міндеттемелердің орындалуы және парниктік газдар шығарындыларын тексеру үшін жыл сайын бақылауды жүзеге асыратын комитет құруға ниетті. Сондай-ақ көмір мен атом электр станцияларына тәуелділікті азайту саясатын алға жылжыту жоспарлануда. 2030 жылға дейін біз өндірілетін энергияның жалпы көлемінің жиырма проценті жаңартылатын энергия көздері болады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы