386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран балабақшадағы бөбектерді АҚШ психологының әдісімен тәрбиелеп отыр

  • 75
  • UPD: 10:34, 15.08.2019

Жираф тіліндегі білім. Иранда балаларды мектепке бірден 4 тілде дайындайды. Ана тілі парсы, ағылшын, орыс және жираф, яғни заманауи психология тілінде.

Бүлдіршіндерге ойындар арқылы жақсылық мен жамандық, өзара көмек сынды сезімдерді түсіндіреді. Ирандық мұғалімдер мұндай құндылықтарды баланың бойына жастайынан сіңіру қажет дейді. Жалпы мектепке дейінгі білім жүйесі ойын мен биге негізделіп құрылған. 

Жалпы Иранның мектепке дейінгі білім саласы жекеменшіктің қолында. Жергілікті бала-бақшаның бәрі ақылы. Алайда бүлдіршіндерге арналған бағдарлама ата-ананың қаржысын толық ақтайды. Міндетті пәндерден бөлек қышпен бұйымдар жасау өнері, ән-би, тіпті роботехниканы да үйретеді. Соңғы жылдары тіл меңгеру де кеңінен қолға алынған. Бірінші сыныпқа дейін бүлдіршіндер парсы және ағылшын тілін үйреніп үлгереді. Орыс тіліне де ден қойыла бастаған.

Шима Теймури, балабақша директоры:

- Тегеранда орыс тілінде сөйлейтін адамдар көп болғанына қарамастан осы тілде сабақ беретін бірде-бір балабақша жоқ. Сондықтан мен бүлдіршіндерге арналған осындай бақша ашуды жөн көрдім. Иранда бұл орыс тлінде сабақ беретін жалғыз балабақша.

Балаларға оқытылатын тағы бір ерекше тіл - жираф тілі. Бұл америкалық психолог Маршал Розенбергтің құрастырған емін-еркін тіл қатысу бағдарламасы.

Пари Резаи, мұғалім:

- Жираф тілі - ойын тілі. Біз балаларды мейрімділікке, өзгелерге көмектесуге үйретеміз. Бүлдіршіндерге адамдарды құрметтеу сынды жақсы мінез-құлық ойын арқылы сіңіріледі. Бізде бұл жазу сияқты міндетті пән. Осы арқылы бүлдіршіндерді үлкен өмірге дайындаймыз.

Мектепке дейінгі оқуды әртүрлендіру үшін апта сайын әртүрлі тақырып таңдалады. Мысалы, осы 7 күн ішінде бүлдіршіндер жол жүру ережесін үйренді. Ал келесі аптада қоршаған ортаны қорғауға кіріседі. Жалпы қоғамдағы өзекті мәселелер мектепке дейінгі білімнің негізгі пәндерінің бірі болып саналады.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы