386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

  • 86
  • UPD: 10:09, 15.08.2019
Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Үндістанда нөсер мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны күн сайын артып келеді.

Соңғы мәлдіметке олардан 270 тұрғын көз жұмған. Табиғат апатынан әсіресе Карнатака, Махараштра, Гуджарат және Керала штаттары қатты зардап шегуде. Жүздеген мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Іздестіру-құтқару шараларына әскерилер жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, биылғы жаңбырлы маусым соңғы 10 жылдағы ең апатты мезгіл болып отыр. Айта кетейк, Үндістанда әдетте жаздың алғашқы айынан қыркүйекке дейін жаңбырлы маусым жүріп, жыл сайын ел экономикасына орасан зор шығын келеді.

Хабар 24 телеарнасы