386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда үкімет әскері оппозицияға бағынышты болған қалаға басып кірді

  • 87
  • UPD: 10:50, 15.08.2019
Сирияда үкімет әскері оппозицияға бағынышты болған қалаға басып кірді

Сирия үкіметі әскері оппозициялық күштер қолындағы Аль-Хабит қаласына басып кірді. Бұл Асад әскерінің соғыс басталғалы Идлиб аймағында азат еткен алғашқы шаһары.

Сөйтіп үкімет әскері осы провинциядағы стратегиялық маңызды қаланың бірі Хан-Шейхунға жол ашты. Мәліметке қарағанда әскерилер шаһарға жақын бірнеше ауылды да бақылауына алған. Алайда оппозиция күштері үкімет әскеріне тойтарыс беретінін айтады. Еске сала кетейік, оппозициялық күштер бұл ауданды 2015 жылы басып алған болатын. Ал 2 жыл бұрын үкімет әскері Хан-Шейхун қаласына химиялық шабуыл жасап, 89 адам қаза тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы