386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook жұрттың аудиохабарламасын тыңдаған

  • 85
  • UPD: 12:49, 15.08.2019
Facebook жұрттың аудиохабарламасын тыңдаған

Facebook миллиондаған қолданушыларының дыбыстық хабарламаларын тыңдаған. 

Бұл туралы Bloomberg  ақпарат агенттігі хабарлайды. Аудио файлдардың шифрын ашу үшін жүздеген адамдар жалданған көрінеді. Цукерберг компаниясы бұл фактіні мойындап отыр.  Олардың айтуынша, бұл желідегі дыбыстық хабарламалардың мағынасы қаншалықты дәл ашылатындығын тексеру үшін жасалған шара. Сонымен қатар компания басшылары өз келісімін берген қолданушылардың аудиофайлдары ғана тексерілгенін алға тартып, бұдан былай бұндай жағдай болмайды деп уәде етті.

Хабар 24 телеарнасы