386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-грузин туристік бағытын дамыту үшін ортақ тарихи мұра насихатталады

  • 70
  • UPD: 15:58, 15.08.2019

Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік қатынасты жақсарту үшін қос мемлекетке ортақ тарихи мұраларды кеңінен насихаттау қажет.

Мұндай бастама «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы мүшелерінің грузин тарихшыларымен кездесуі барысында айтылды. Қос тарап тағы қандай тың бастамалар көтерді? Ғылыми экспедиция құрамындағы әріптесім Талғатбек Әбдіқожа тарқатсын.

Экспедиция мүшелері Грузияға сапары барысында Сокуми университетінің қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда қыпшақ жауынгерлерінің ерлігі мен тарихи байланыстар сөз болды. «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақов Грузия премьері Мамука Бахтадзеге жолдаған ұсыныс хатын таныстырды. Онда Грузия жеріндегі қыпшақтарға тән тарихи жәдігерлерді мемлекет қорғауына алу, көшпелі көрмелер өткізу және ДидгОроба тауына қыпшақ жауынгерлеріне арналған ескерткіш қою мәселелері көтерілген.

Мамука Картозия, «Дидгори 1121» ұйымының тең төрағасы, тарих ғылымдарының докторы:

- Биылғы қараша немесе желтоқсан айында біз «Дидгор шайқасына» арналған халықаралық конференция өткіземіз. Сол кезде осы ұлы жеңістің 900 жылдыған тойлауға қатысты іс-шаралар жоспары қарастырылады. Сапар Ысқақовтың премьер-министрге жолдаған ұсыныстары қолдау табады деп сенемін. Қазірдің өзінде біз Грузия аумағында қалған қыпшақтардың ұрпақтарымен бірлескен зерттеулерлер жүргізіп жатырмыз. Олардың барлығы ғылыми еңбек ретінде жарияланатын болады.

Тарихи деректерге қарағанда Давид төртіншіден кейін таққа отырған Георги үшінші ішкі қарсыластарын жойып, жанына сенімді қыпшақ жауынгерлерін жинаған. Мемлекет билігіндегі маңызды лауазымдарға соларды тағайындаған. Сондықтан бабаларымызға тән қару-жарақ пен өзге де жәдігерлерді Грузиядағы мұражайларда жиі кездестіруге болады. 

Ивана Метрашашвили, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Тамара патшайым қыпшақ қолбасшыларын биліктен шеттетуге мәжбүр болды. Себебі патшалықтың бүкіл қазынасына қыпшақ Құтлық Арсылан иелік етті. Ол сол кездің өзінде парламенттік басқару жүйесін ойлап табады. Заң шығарушы орган құрып, патшаны атқарушы билікке айналдыруды ұсынады. Бұл бастамаға патша әулеті қарсы шығып, Тамарадан оларды биліктен шеттетуді талап етеді. Сол дәуірде қыпшақтан шыққан Кубасар бүкіл Грузия әскерінің қолбасшысы болған.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- Грузиндер келісіп отыр, жартылай біз, жартылай 50-50 процентпен осындай фильмдер шығарайық, Грузиндер де қазақтар да тарихты білсін дейді. Ескерткіштер салайық дейді, музейдегі жәдігерлермен қарым қатынас жасайық дейді. Енді соған біздің оқу және білім министрлігі мәдениет министрлігі кірісуі керек.

Қазақстан мен Грузияның тарихи байланыстары жергілікті телеарнада тікелей эфирде де талқыланды. Студья қонағы болған Сапар Ысқақов бабаларымыз одақтас қана емес, туыстас бауырлас халық болғанынын атап өтті. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Самат Бекбатыров

Хабар 24 телеарнасы