386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сирияда дронмен әскери қимылдарды бастады

  • 142
  • UPD: 14:13, 15.08.2019
Түркия Сирияда дронмен әскери қимылдарды бастады

Түркияның ұшқышсыз ұшу аппараттары Сирияның солтүстігінде әскери әрекеттерін бастады.

Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оған сәйкес, түрік әскери аппараттары жұмысын Сирияда деэскалациялық аймақ құру келісіміне сәйкес атқарып отыр. Сондай-ақ министрлік өңірде «қауіпсіз аймақ» құру жоспарын Түркия мен АҚШ-тың үйлестіріп отырғанын атап өтті. Бұған дейін түрік қорғаныс министрі Хулуси Акар, құрылуы жоспарланған «қауіпсіз аймақтың» ел шекарасына 30-40 шақырым қашықтықта болуы қажеттігін ескерткен.

Хабар 24 телеарнасы