386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда Жапонияға қарсы шерулер өтті

  • 130
  • UPD: 15:28, 15.08.2019
Кореяда Жапонияға қарсы шерулер өтті

Оңтүстік Кореяда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Орыған орай Сеулдың мыңдаған тұрғыны көшеге шықты.

Шерудың басты себебі Кореяның Жапониядан тәуелсіздігінің жетпіс төртінші жылдығын атап өту. Екінші себеп Сеул мен Токио арасындағы сауда соғысы. Естеріңізге салайық, осыдан бір күн бұрын Корея үкіметі Жапонияны Оңтүстік Кореяны сенімді сауда серіктестер тізімінен шығару рәсімі басталғанын хабарлаған болатын. Үкіметтің қаулысы келесі айда күшіне енбек. Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ саясатын айыптайтын акцияға жеті жүзден астам қоғамдық ұйымдар қатысып отыр. Шерушілер Жапония елшілігіне барып, аспанға екі жүз шар мен бейбітшілік көгершіндерін ұшырмақ ниетте.

Ли Ён Хи, ереуілші:

- Бүгін тәуелсіздік алғанымызға 74 жыл толды. Соғыс жылдарында күшпен еңбекке жегілгендер өтемақы талап етуде. Жапония тарапы болса бұған жауап ретінде экономикалық қысым жасап отыр. Біз айтқанымыздан қайтпаймыз!  Жапония билігі кешірім сұрап, өтемақыны төлейтін болсын.

 

Хабар 24 телеарнасы