385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та полиция көлігі бір топ адамды қағып кетті

  • 82
  • UPD: 09:54, 16.08.2019
АҚШ-та полиция көлігі бір топ адамды қағып кетті

АҚШ-тың Род-Айленд қаласында ереуілдетіп жатқан бір топ адамды полиция көлігі қағып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 30 шақты адам Дональ Трамптың миграциялық саясатқа наразылығын білдіру үшін Иммиграциялық бақылау орталығының маңына жиналып, жолды бөгеп тастаған. Сонымен қатар ашуға бой бергендерді тарату үшін тәртіп сақшылары бұрышты аэрозоль қолданған.

Айта кетейк, жуырда ақ үй басшысы бұдан былай грин карта беру ережелері қатаңдатылады дегенін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы