386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмада террорлық топ шабуылынан 11 адам мерт болды

  • 114
  • UPD: 12:20, 16.08.2019
Мьянмада террорлық топ шабуылынан 11 адам мерт болды

Мьянмада «Солтүстік Альянс» деп аталатын атышулы террорлық топ мүшелерінің жасаған шабуылынан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлайды. Айтуынша, лаңкестер алдымен Мемьо қаласындағы әскери академияға баса көктеп кіріп, ондағы қызметкерлерге бей-берекет оқ жаудырған. Кейін Нанчжо қаласындағы полиция учаскісін де шабуылдаған. Қазір елдің қарулы күштері лаңкестікке қарсы арнайы операциясын бастап кетті.

Хабар 24 телеарнасы