387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Virgin Galactic тұңғыш коммерциялық ғарыш портын таныстырды

  • 170
  • UPD: 07:22, 17.08.2019
Virgin Galactic тұңғыш коммерциялық ғарыш портын таныстырды itc.ua

Американың Virgin Galactic компаниясы тұңғыш коммерциялық ғарыш портын таныстырды.

Нью-Мексикода орналасқан кешен «Спейспорт Америка» деп аталады. Бұл жер суборбиталды саяхатты басқару орталығы болмақ. Онда ғарышқа аттанатын туристер дайындықтан өтеді. Алайда 100 шақырым биіктіктен Жердің көрінісін көзбен көріп тамашалауды қалайтындар біршама шығындалуларына тура келеді. Компания өкілдерінің айтуынша, екі сағатқа созылатын мұндай саяхат үшін туристердің қалтасы 200 мың долларға жұқарады. Қазірдің өзінде ұшуға жүз шақты адам өтінім білдіріпті. Ниет білдіргендердің арасында танымал актер Леонардо Ди Каприо пен әнші Джастин Бибер бар екен.

Хабар 24 телеарнасы