387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та метроға тастап кеткен ыдыстар үрей туғызды

  • 179
  • UPD: 12:32, 17.08.2019
АҚШ-та метроға тастап кеткен ыдыстар үрей туғызды

Нью-Йоркте белгісіз біреу метроға тоқпен тамақ пісіруге арналған 2 ыдысты қалдырып кетіп, үрей туғызды.

Станцияға жеткен полиция жолаушыларды дереу эвакуациялап, күдікті заттарды тексерді. Бірақ қараусыз қалған ыдыстар қауіпсіз болып шықты. Қазір тәртіп сақшылары бейнебақылаумен олардың иесін анықтап, іздестіріп жатыр. Ал осы оқиғадан кейін шаһардың Челси ауданынан тағы бір ыдыс табылған. Айта кетейік, АҚШ-та 2013 жылы ағайынды Царнаевтар Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырғаннан бері полция қараусыз қалған кез келген затты бірден тексереді. Ол кезде лаңкестіктен 3 адам қаза тауып, 200 тұрғын жарақат алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы