385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхеньян тағы зымырандық қаруды сынады

  • 179
Пхеньян тағы зымырандық қаруды сынады RT

Солтүстік Корея жаңа зымырандық қаруды тағы сынақтан өткізді.

Олар 30 шақырым биіктіктпен 230 шақырымдай жерге дейін ұшып барып, Жапон теңізіне құлады. Бірақ Пхеньянның қандай зымыранды атқаны әлі белгісіз. Оқиғадан кейін Сеул Сотүстік Кореяға зымырандарды сынау түбектегі жағдайды ушықтыратынын ескертіп, оны тоқтатуға шақырды. Айта кетейік, Солтүстік Корея соңғы апталарда зымырандарды сынауды қайта жиілетті. Сеулдің пайымынша, тамыздың 11-і күні Пхеньян 2 баллистикалық қаруды ұшырған.

Хабар 24 телеарнасы