386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда нөсер салдарынан тарихи ауданды су басты

  • 145
  • UPD: 22:03, 17.08.2019
Ыстамбұлда нөсер салдарынан тарихи ауданды су басты

Түркияның Ыстамбұл қаласында жауын селдетіп, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шелектеп құйған жаңбырдан шаһардағы тарихи Фатих ауданын лезде су басып кеткен. Тұрғындардың айтуынша, туристер көп баратын Гранд-базардағы су белуарға келіп, шағын бизнеске зор шығын келген. Нөсерден, сондай-ақ, шаһардағы бірнеше метро станциясы мен тасжолдар суға толып, көлік қозғалысы тұралап қалды. Қазір шаһардағы барлық коммуналдық қызмет табиғат апатының салдарымен күреске жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы