386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте мұғалімдер шерушілерге қолдау білдірді

  • 153
  • UPD: 22:44, 17.08.2019

Гонконгте мұғалімдер шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұл жолы көшеге жастарды қолдап шыққан.

Арнайы аймақ басшысы Кэрри Лэм резиденциясына жиналған оқытушылар биліктен даулы заң жобасынан түбегейлі бас тартуды талап етті. Мұның сыртында жастарға күш қолданған полицияны жауапқа тартуды сұрап отыр. Шара кезінде ешқандай басбұзарлық әрекет байқалған жоқ. Тек наразы жұрт резиденция қоршауына өз қарсылықтарын білдіретін ақ лента байлап, үн-парақшалар қалдырған.

Блиц 1:

Мұғалімдер жергілікті билікке наразы. Олар болашақ ұрпағымызға күш қолданғанын қаламайды. Жалпы экстрадициялау туралы заң жобасы үлкен қателік дер едім.

Блиц 2:

- Билік жағдайды реттеуге құлық танытып отырған жоқ. Үкімет тек заң жобасын уақытша кері қайтарып алды. Жастарға әсіре, күш қолданып жатқан полицияны да қолдап отыр. Мұның соңы жақсылыққа әкелмейді.

Ал ресми Бейжің Гоконгпен шекаралас Шэньчжэнь аймағына қарулы полиция күштерін шоғырландырды. Алайда бұл Гонконгтегі жағдайға еш қатысы жоқ тек оқу-жаттығу шарасы дегенді айтады.

Еске сала кетейік, Гонконгте бірнеше айдан бері қылмыс жасаған күдіктілерді өзге елге беру туралы заң жобасына наразылық жалғасып келеді. Бірақ соңғы апталарда шеруге шыққан жұрт полициямен қақтығысып, жағдай шиеленісе түскен.

Хабар 24 телеарнасы