386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезия президенті ел астанасын Борнео аралына ауыстыруды ұсынды

  • 79
  • UPD: 23:36, 17.08.2019
Индонезия президенті ел астанасын Борнео аралына ауыстыруды ұсынды

Индонезия президенті Джоко Видодо парламентке елдің астанасын Джакарта қаласынан Калимантан (Борнео) аралына ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Қазақпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

«Мен сіздерден ұлттық астананы Калимантанға ауыстыру үшін рұқсат сұраймын», - деді мемлекет басшысы республика тәуелсіздігінің 74 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Президенттің айтуынша, жаңа астана халықтың экономикалық әділдікке ұмтылысын көрсетеді. Видодо жаңа астананың нақты орнын атаған жоқ.

Калимантан – 743 330 шаршы шақырымды құрайтын аумағы бойынша әлемдегі үшінші арал. Оны Индонезия, Малайзия және Бруней бөлісіп жатыр. Арал Азияның оңтүстік-шығысында, Малай архипелагы орталығында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы