386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрама Штаттар Huawei «өмірін ұзартуы» мүмкін

  • 164
  • UPD: 08:30, 18.08.2019
Құрама Штаттар Huawei «өмірін ұзартуы» мүмкін

АҚШ қытайлық «Хуавей» компаниясының америкалық құрал-жабдықтарды сатып алу лицензиясын тағы ұзартуы мүмкін.

Ақпаратқа сәйкес, Вашингтон оны 90 күнге ұзартуы ықтимал. Бұл Құрама Штаттардағы кей компанияларға «Хуавей» өнімдерін одан әрі қолдануға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында президент Трамп елдің ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылым саласын шетелдік қауіп-қатерден қорғау үшін төтенше жағдай енгізген. Бірнеше күн өткен соң сауда министрлігі «Хуавей» компаниясын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін бірлестіктердің тізіміне қосады. Бірақ қытайлық алыпқа Америкадағы кәсібін аяқтауға 90 күнге рұқсат еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы